11 ақпан. KAZISLAM – Бүгін Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сонымен қатар бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты, деп жазады muftyat.kz.

Мәжілісте шариғат және пәтуа мәселесіне қатысты жамағат тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауабы топтастырылған кітап шығару, РАНТ және ЖАНТ мүшелеріне оқу-әдістемелік құрал дайындау, жұма уағызы кітабын әзірлеу, жастарға, қыз-келіншектерге танымдық еңбектер әзірлеу, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы білім сайысын өткізу, мешіт жанындағы сауат ашу курсының оқу бағдарламасын жетілдіру, т.б. мәселелер талқыланды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Тыйым салынған жолмен «емдеген» әйел ұсталды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Талқыланған бағыттар бойынша белсенді жұмыс нәтижесін көрсетуді тапсырамын. Әр бөлім өзіне жүктелген міндетті уақтылы әрі сапалы орындаса, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз» деп, аталған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Пікір жазу