Елордада вакцина алғандарға арналған алғашқы екі iPhone келесі аптада ойнатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді.

«Біз IT-қауымдастықпен кеңестік және құнды сыйлықтарды Birge платформасында ойнататын болдық. Қосымша жақында іске қосылды. Біз мұның әділеттілік қағидаты бойынша ашық болғанын қалаймыз, сондықтан вакцина алған барлық адам ұтысқа қатысады. Ұтыс тікелей эфирде кездейсоқ сандарды теру әдісімен өтеді. Алғашқы iPhone телефондары келесі аптада ойнатылады», – деді А. Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, апта сайын екі iPhone ойнатылады. «Менің ойымша, бұл – вакциналау үшін жақсы ынталандыру және бұл халықаралық тәжірибе. Автокөліктер мен пәтерлер де дәл солай. Автокөлік Мегаорталықта ойнатылады», – деді Алтай Көлгінов.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жолы қиылған теракт

Айта кетейік, елордалықтар арасында вакциналауды ынталандыру үшін демеушілік қаражат есебінен 20 iPhone12 ойнатылмақ.

Пікір жазу