Сейсенбі күні Кабулда болған жарылыстан алты адам қаза тауып, жетеуі жараланды. Бұл туралы Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Хамид Рошанға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 19:30 шамасында Кабулдың үшінші полиция ауданында автобус жарылып, нәтижесінде алты бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алған, олардың кейбірінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды.

Әзірге оқиға үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

1 мамырда АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан әскерлерін шығара бастады және 11 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Соңғы кездері елде үнемі шабуыл жасалып, қауіпсіздік жағдай нашарлап кетті.

Пікір жазу