Австралияның Мельбурн қаласында 2014 жылы ашылған ислам өнері музейі тек ислам дінін ғана емес, сонымен бірге осы елде тұратын мұсылман халқының тарихы мен тұрмысы туралы маңызды мәліметтер ұсынады, деп хабарлайды Islam.ru.

Австралиялық бизнесмен Мұстафа Фахур бастамашы болып федералды үкімет қолдауымен ашылған Австралия ислам өнері музейі елдегі тұңғыш әрі жалғыз ислам музейі саналады. Музей ашылғаннан бері 50 мыңнан аса адам келген.

Аптаның алты күнінде ашық болатын музейде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады: каллиграфия дәрістерінен конференцияларға дейін, тарихи өнер көрмелерінен миниатюра курстарына дейін, т.б. шаралар өтеді.

Ислам өнері музейінің директоры Мариум Чаудри келушілерге ислам дінінің көркемдігін жеткізуді мақсат ететіндерін айтады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жарылыстан жеті бейбіт тұрғын қаза болды

«Біз осында келушілер исламның көркем екенін білсе, өмірлік тәжірибе алса дейміз» деп атап өтті ол.