Жаңалықтар

Австралия лаңкестерден қорғану жоспарын жасады

Телеарна мәліметінше, үкімет басшысы құжат жоспарын құруды Ницце қаласында теракті орын алған уақытта 2016 жылы тапсырған. Жобаны дайындауға Австралия мен Жаңа Зеландияның антитеррористік комитеті қатысқан. Жоспар екі елдің полиция, жергілікті билік, мемлекеттік органдары мен жеке операторларының бірлесіп жұмыс жүргізуіне бағытталған.

Жоба «Халықты терроризмнен қорғау бойынша австралиялық стратегия» деген атау алды және өткен аптада жергілікті билік пен жеке орындаушыларға тапсырылды. Жоспарға сәйкес нұсқаулықта адамдар көп шоғырланған орындарға металл немесе бетон қоршаулар орнатуды ұсынады, мұндай құрылғылар лаңкестердің көлікпен келіп жарылыс жасауына мүмкіндік бермейді. Жоба авторлары мұндай қоршауларды стадион, қоғамдық көлік аялдамалары, сауда орталықтары, қонақүйлер, құлшылық орындары, туристік нысандар, кинотеатрлар, парк және жаяу жүргіншілер жолдарында орнатуды ұсынады.

Сонымен қатар, химиялық және қарулы шабуыл кезінде қажетті қорғану бойынша ұсыныстар да берілген. Австралияның Әділет министрі Майкл Кинанның айтуынша, жаңа жоспар терроризмнен қорғанудың тиісті, сәйкес шараларын қамтамасыз етеді. 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close