KAZISLAM – Мешіттер рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын орын болып саналады. Елімізде індет өршіп, ел қиналып жатқанда Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті де «Өмірге үміт сыйла» акциясына үлес қосып, №3 қалалық емханаға 15 дана және Ақтөбе облыстық жұқпалы клиникалық ауруханаға 15 дана пульсоксиметр аппаратын табыстады.

Сырқат жандарға қажетті бұл құрылғыларды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы «Зекет» қайырымдылық қорының жергілікті өкілі Алмат Әли аурухана қызметкерлеріне табыс етті. Жүрек соғу жылдамдығын бақылау құралдарын қуана қабыл алған ауруханалардағы індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымы мен басшылық  алғыстарын білдірді.

Пікір жазу