Ауғанстандағы ИГИЛ басшысы қамауға алынды

    245

    Ауғанстанда арнайы қызметтер ИГ террористік ұйымы филиалының басшысын ұстады. (ИГ, ИГИЛ, ДАИШ ұйымдары ҚР соты шешімімен террористік деп танылған және тыйым салынған)

    Сенбі күні елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Джавид Фейсалдың мәліметінше: «ИГ көшбасышысы Хорасан Абдулла Оракзай, Пәкістан азаматы Аслам Фаруки ретінде белгілі болды, Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік директораты кешенді операция кезінде ұсталды» – делінген.

    Ұсталған адам Пәкістан мен Ауғанстанда жұмыс істейтін «Вилаят Хорасан» тобын басқарған.

    Арнайы қызмет басшысының айтуынша, алғашқы тергеу кезеңінде ол «Вилаят Хорасан» мен аймақтық арнайы қызметтер арасында берік байланыстың болғанын мойындаған.

    Террористтің жетекшісі басқа 19 содыр және оның жақын серіктестерімен ұсталған. Ұсталғандардың арасында екі топ командирі бар, деп хабарлайды РИА «Новости».

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Бас имамның мешітке тиесілі көліктерді сатып жібергені рас па?

    БҰҰ есебіне сәйкес, Аслам Фаруки «Вилаят Хорасан» ұйымын 2019 жылдың сәуірінде басқарған.

    Пікір жазу