Ауғанстандағы екі шабуылдан ондаған адам қаза тапты

    318

    Кабулдағы перзентханаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, олардың арасында балалар бар. Сол күні, 12 мамырда, Награрхар провинциясының Кхева ауданында жерлеу рәсімі кезінде бір жанкешті шабуылынан 24 адам қаза тапты, шамамен 70 адам жараланды. Бұл жайлы centralasian.org хабарлайды. 

    Кабулдың батысында, шиіттер тұратын ауданда, перзентханаға шабуылдаған экстремистер мен үкімет күштері бірнеше сағат бойы атысты. Ауғанстан ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, шабуылдан 14 адам қаза тапты, олардың арасында жаңа туған сәбилер бар. 15 адам жараланған. Атыс кезінде үш содырдың көзі жойылды. Шабуылға ұшыраған пезентханада 80 әйел жатқан.

    Куәгер Джавад Амиридің айтуынша, содырлардың бірі әскери киіммен жүрген, қалған екеуі медициналық киімде болған. Олар перзетханадағы адамдарды атқан.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Діни мекемелердің рөлі жөнінде конференция ұйымдастырылды

    «Талибан» қозғалысының өкілдері бұл шабуылға қатысы жоғын мәлімдеді.

    Ауған билігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, перзентханаға «Шекарасыз дәрігерлер» гуманитарлық ұйымы көмек көрсетіп келген.

    Пікір жазу