14 шілде. KAZISLAM – Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманган провинциясының әкімшілік орталығы Айбак қаласында миналанған көлік жарылысынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, тағы 63 адам жарақат алды, деп аймақ әкімшілігінің ресми өкілі Седдик Азизиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, таңертең Ұлттық қауіпсіздік директоратының жергілікті кеңсесі жанында  «Талибан» қозғалысының  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жанкешті лаңкесі миналанған көлікті жарып жіберген. Кейін екі содыр мекеме аумағына кіріп, қауіпсіздік күштерімен атыса бастады.

С.Азизидің айтуынша, жарылыс пен атыс салдарынан 14 адам қайтыс болды: Ұлттық қауіпсіздік директоратының 11 қызметкері және үш шабуылшы. 63 адам жарақат алды, оның ішінде 50-ден астам бейбіт тұрғын.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Бас мүфтиге жолданған ақжарма тілектер

«Талибан» қозғалысы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Пікір жазу