Ауғанстанның Газне провинциясының Қарабах ауданында жандармерияға Талибан содырлары тарапынан  ұйымдастырған қарулы шабуылда 7 күзетші қаза тапты, деп хабарлайды trt.net.tr

Газне провинциясы мәлімдемешісі Вахидуллах Джумазадах Талибан сарбаздарының Карабахтың Сайкуру аймағындағы жандермерияға қарулы шабуыл ұйымдастырғаны белгілі болды.

Шабуылда 7 күзетшінің қаза тапқанын және 9 күзетшінің жарақат алғанын түсіндірген Джумазадах шабуылдан кейін болған қақтығыста Талибан содырларының да шығынға ұшырағанын айтты. Талибан бұл тақырыпқа байланысты әлі бір мәлімдеме жасамаған.

Пікір жазу