Министрлікте Ауғанстан Елшілігінің Уақытша сенімді өкілімен кездесу өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов Қазақстан Республикасындағы Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі А. Омармен кездесті.

Кездесу барысында Е. Нүкежанов Қазақстанның адамдардың ар-ождан бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және барлық діни бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнатудағы тәжірибесімен бөлісті.

Бұдан басқа, тараптар діни қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.

Пікір жазу