Сұрақ: Асты (әуретті жерді) дәрет алу да парыз ба?
Жауап: Дәрет сындырған адам өзін еркін ұстап кіші дәрет қалдықтарын тас, кесек немесе тазалық қағаздарымен құрғатуы керек. Себебі, дәрет алып болғаннан кейін іркілген бір тамшы зәрдің шығуы дәретті бұзады. Бұл фықһта «истибра» деп аталады.
Истибра дәрет алмай тұрып бірер қадам жүру арқылы жасалады. Бірде Алла елшісі (с.а.с.) екі қабірдің қасынан өтіп бара жатып, қатты егіліп жылайды. Қасындағылар не үшін жылағанын сұрағанда: «Олар азап шегуде. Азабы үлкен бір күнә үшін емес. Біреуі кіші дәрет сындырғаннан кейін истибра жасамайтын, екіншісі адамдардың арасына өсек таситын…»[1] – деп истибраға селқос қарау қабір азабына себеп болатынын айтады.
Ханафи мәзһабы бойынша, үлкен дәрет сындырған кісінің астын сумен жууы – сүннет. Егер сындырған үлкен дәреті сұйық болып, дәрет шыққан жердің айналасына жәйілу ыхтималы болған жағдайда, сумен жуу – уәжіп (парыз). Ал тек кіші дәрет сындырған адамның истибра жасағаннан кейін астын сумен жууы – мүстахаб[2].
Ескерту: бір хадисте: «Истинжа (истибра) жасағанда тезек пен сүйекті қолданбаңдар, бұлар – бауырларың болған жандардың азығы»[3] –деген. Яғни, жындардың азығымен дәрет құрғату олардың сол адамға қастық жасауына себеп болады.
[1]Бухари, Уду, 218-хадис.
[2]Молла Әли Қари, Фәтхү бабил ғинәя фи шархи китәбин ниқая, 1-том, 154-155 бет.
[3]Мүслим, Таһара, 263-хадис.
Истибра деген не деп жүрсем. Енді біліп жүрем.
“Тазалық – денсаулық кепілі” деген. Мұны да біліп жүрген жөн, әрине.