19 маусымда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғ.Шойкин Астана қаласындағы Әулие Мария Рим-католик архиепархиясының Архиепископы Митрополит Томаш Бернард Пэтамен кездесті.

Кездесу барысында екі жақтың өкілдері Қазақстандағы діни ахуал, миссионерлік қызмет және ү.ж. 6-7 шілдесінде болатын Евхаристикалық конгресстің өтуіне байланысты сұрақтар бойынша пікір алмасты. Аталған конгрессте «Қазақстан Жұлдызы» Табыну Алтарінің ашылуы жоспарлануда.

Анықтама: «Қазақстан Жұлдызы» Табыну Алтарі барлық континенттердің әлемдегі бейбітшілік үшін арнайы табыну орындарында қондырылатын он екі алтардің екіншісі (біріншісі Иерусалимде орналастырылған) болып табылады.

Пікір жазу