Жалпы сұрағыңызға бірден жауап берместен бұрын құтбаның мәнінің неде екенін айта кетейін. «Құтпа» сөзі араб тілінде «бір нәрсе айту», «сөйлеу» деген мағынаны білдіреді. Жұма намазының дұрыс орындалуы үшін құтпа шарт болып табылады. Өйткені , Пайғамбарымыз жұмы намазын құтпасыз оқымаған. Әбу Ханифа мәзһабында құтпаның рүкіні Аллаһты ұлықтап, еске алудан тұрады. «Әлхамдулиллаһ», «субханаллаһ» немесе «ләә иләһә иллаллаһ» деген сөздер өте кең мағынаны қамтитындықтан осы сөздерді де айту арқылы құтпаның рүкіні орындалған болып табылады. Құтпада тым ұзақ немесе тым қысқа емес, орташа деңгейде халыққа уағыз айтқан абзал. Имам Ағзамның екі шәкірті Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарастарында құтпаның мөлшері «әт-Тахият», «хамд» «салауат» дұғалары оқылатындай мөлшерде жасалады. Құтпаның өзіндік шарттары бар. Құтпа бесін намазы кіргеннен кейін, ниетпен және жұма намазынан бұрын оқылады. Намаз бен құтпа арасында тамақ ішіп-жеу, т.б секілді дүниелік тіршіліктер жасалмауы керек. Құтпа екі бөліктен тұрады. Бірінші құтпада бір аятты оқып жамағатқа насихат жасаса, екінші құтбада мұсылмандарға дұға жасалады. Екінші құтба бірінші құтбаға қарағанда төмен дауыспен, елге естілетіндей деңгейде айтылады. Құтпаның бірінші бөлігін оқып болған соң, имам тәсбих немесе үш аят оқитындай уақыт отырып, екінші құтбаны бастайды. Бұл екі құтбада да хамд, шаһадат сөзі және Пайғамбарымызға салауат айтылады. Бұл дұғалар араб тілінде айтылады. Ал , уағызды халық түсіну үшін кез келген тілде айтуға болады.
Өтініш Жұма намазында. Айтылатын Хұтба