Әскерилер қайырымдылық акциясында қан тапсырды

    96

    Баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы және 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметшілері донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Жалпы, шамамен 30 литр қан тапсырылған.

    «Акцияны ұйымдастырудағы мақсат — әскери қызметшілердің қан тапсыру ісіне үлесін қосу және қазіргі уақытта донорлық қанға зәру адамдарға көмектесу. Мұндай іс-шара Қазақстан Қарулы күштерінде он жылдан астам уақыт бойы жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Трансфузиология республикалық ғылыми-өндірістік орталығы дәрігерлерінің айтуынша, қан тапсырудың донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ. Керісінше, қанның белсенді жаңаруына, жүрек тамыр жүйесі мен ішкі мүше жұмысының жақсаруына ықпал етеді», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

    Айта кетейік, әлемде минут сайын жиі қан алмастыру қажеттілігімен байланысты ауру-сырқауға шалдыққан мыңдаған адам қанның жетіспеушілігінен дүниеден өтеді.

    Пікір жазу