Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Бекшиннің айтуынша, қалада аурудың төмендеуіне шағын және орта бизнес объектілерінде «ASHYQ» жүйесін енгізу, мониторингтік топтар тарапынан нысандарды жүйелі бақылау, КВИ-дің белсенді ошақтары бар көппәтерлі үйлердің қоғамдық орындарында профилактикалық дезинфекция жұмыстарын жүргізу оң әсерін тигізген.

«ASHYQ» жобасы Алматы қаласында ақпан айынан бастап жүзеге асырылуда. Басты міндеттердің бірі – оң ПТР тесті бар тұрғындардың және олармен байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне баруға қолжетімділігін шектеу және сол арқылы 14 күндік үй карантинін сақтау. Алматы қаласында енгізілген сәттен бастап «ASHYQ» мобильдік қосымшасының көмегімен QR-код бойынша өз мәртебесін сканерлеу нәтижелері бойынша «ASHYQ» жобасы шағын және орта бизнес нысандарына кірген қызыл мәртебесі бар 1 235 тұрғын, сары мәртебесі 298 тұрғын анықталды, – деді ол.

Сондай-ақ ол оффлайн сканерлеген кезде – «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік объектілеріне қызыл мәртебесі бар 551 тұрғынның кіргенін, сары мәртебесі бар 131 тұрғын анықталғанын айтты.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  КВИ-дан көз жұмғандардың саны артуда

Қалғандары өзін-өзі бақылау үшін онлайн режимінде, осылайша «көк мәртебесі» бар келушілер арасында КВИ ауруының ықтимал жағдайларын жұқтыруды және тіркеуді болдырмайды. Сондай-ақ, «ASHYQ» жобасы тұрғындарға мобильді қосымшаның көмегімен үй карантинін бұзбай, өз мәртебесін «қашықтан» тексеруге мүмкіндік береді. Интернеттегі әдіспен 649 тұрғынға қызыл мәртебе, ал 144 тұрғынға сары мәртебе расталды, – деді Жандарбек Бекшин.

Кешенді жүргізілген шаралар нәтижесінде КВИ бойынша тәуліктік өсім 6 есеге, мамыр айының басында 1,2%-дан бүгінгі күні 0,2%-ға дейін төмендеген. Соңғы тәулікте Алматы қаласында мамыр айының алғашқы күндерінде 605-608 жағдайға қарсы КВИ-дің 143 жағдайы тіркелді.

Пікір жазу