Риуаят етілуінше, Юнус ибн Ғубайдтың қолында бағалары әртүрлі күртешелер бар еді. Олардың кейбірі төрт жүз, кейбірі екі жүз дирхамдық еді. Ол өзі намазға кеткенде немере інісін дүкенге қалдырып кетеді. Сол арада бір бәдәуи келіп төрт жүз дирхамдық киім сұрайды. Екі жүз дирхамдық киімді ұсынғанда, бәдәуи оны ұнатып, төрт жүз дирхамға сатып алады. Бәдәуи киімді қолына ұстап кетіп бара жатқанда алдынан Юнус ибн Ғубайдтың өзі шығып қалып, күртешені таниды да:

– Қаншаға алдың ?- дейді.

– Төрт жүзге.

– Бұл екі жүзден артыққа тұрмайды. Барып артық ақшаңды қайтарып ал.

– Жоқ, маған жарайды. Біз жақта бұлар бес жүз дирхам тұрады. Мен разымын, – дейді бәдәуи. Юнус оған қоярда қоймай екі жүз дирхамын қайтарып беріп:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жақсылық жасау – жүректің ісі

– Дінде адал, шынайы болу дүниелік пайдадан артығырақ, – дейді.

Немере інісі көкесінің бұл ісіне қарсы шығады. Сонда Юнус оған:

– Сен ұялмадың ба? Алладан қорықпадың ба? Тауардың құнындай пайда көре тұрып, мұсылманға адалдық көрсетпедің, – дейді. Немере інісі:

– Уаллаһи, ол өзі разып болып алды! – деп уәж айтады. Юнус:

– Сен өзің үшін разы болмайтын нәрсеге ол үшін неге разы болдың, – дейді.

Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу