Ал, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Ақиқатында, Алла Тағала аспан иелеріне (періштелерге) Арафаттағылармен (қажылық етушілермен) мақтанып: «Менің құлдарыма қараңдар, олар Маған үсті-басы шаң-тозаң болып келіп тұр,-дейді[2]»
Ибн Омар (р.а.) риуаяты: қажылық жайлы сұрап келген екі кісіге пайғамбардың (с.ғ.с.) берген жауабында: «… Ал, Арафатта тұрғаныңа келсек, ақиқатында Алла Тағала дүние аспанына келіп, (қажыларды) періштелерге мақтан етіп: «Менің мына құлдарым үсті-басы шаң-тозақ болып әр атыраптан келді. Олар Менің мейірімділігімнен үміт етуде, азабымнан қорқуда. Бірақ (рақметім мен азабымды) көрген емес. Ал, көрсе қандай болар еді»,-дейді. Егер сенің құм санынша немесе дүние жаралғалы берігі күн санынша немесе аспаннан түскен тамшы санынша күнәң болса да, Алла Тағала оны жуып-шаяды[3]»
Омардың немересі Сәлим бин Абдулла (р.а.) Арафат күні қайыр сұрап отырған кісі көріп: «Әй, байғұс! Осындай күні де Алладан басқа біреуден сұрап отырсың ба?!»,-деп айтқан екен.
Ал, Омар бин Абдулазиз (р.а.) Арафатта тұрып: «Расында сендер алыс-жақыннан келдіңдер. Ат-көліктеріңді шаршаттыңдар. Киімдерің тозды. Бірақ, бұл күні озған кісі ат-көлігімен емес, күнәсі кешірілген кісі озған болып саналады»,-деген екен.
KazIslam.kz