Ақсуат және Қарауылтөбе ауылдарында жаңа мешіт құрылыстары басталды. Игі істің қуанышын бөлісіп, қадасын қағу рәсіміне арнайы ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабыралиев,  аудан әкімінің орынбасары Тілек Габдушев, ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен  қасиетті Құран кәрім оқылып, облыстық орталық мешіттің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы дұға жасады.

«Бүгін Ақжайық ауданында екі мешіттің құрылысы басталып жатыр. Мешіт – Алланың үйі. Ол ұрпақтарымыз үшін халықтың, иманжүзді азаматтардың  қаражаты есебінен салынып жатыр. Алланың үйлері ешқашан бос болмасын, балаларыңызға дініміздің рухани құндылықтарын дарытыңыздар. Олардың әрбірі игі істе көмектесіп, кем дегенде бір кірпішті құрылысшыға әкелсін. Мұның өзі олардың мешітті салуға қосқан үлесі болмақ. Игі істі қолдаңыздар», – деді Бақытжан имам.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Коронавирус жұқтырған адам 300 кісіге той жасаған

Ауыл тұрғындарымен жүздесіп, бірлік пен ынтамақ жайында уағыз айтып, жиналған қауымның қойылған сауалдарына жауап берді. Ауылдың үлкендері облысқа жаңа тағайындалған бас имам Бақытжан Құралбайұлының ісіне ризашылықтарын білдіріп, имандылық қызметіне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Осыған дейін Бударин ауылында да жаңа мешіт құрылысы басталған болатын.

Айта кетейік, ізгілікті іс жасап жатқан кәсіпкер азаматтардың бастамасына Алла жар болып, береке нәсіп етсін.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу