Әмәуи халифасы Сүлеймен бин Әбдімәлік Әбу Хазиммен кездескенде бірнеше сұрақтар сұраған екен:

– Ей, Әбу Хазим! Алланың құлдары арасында ең жақсылары қайсы?-деп сұрайды. Сонда ғалым;

– Мейірімді, жомарт, қарапайым, өзгелерге қызмет етіп ғибрат ала білген ақылды адамдар, деді.

– Қандай амал абзал?

– Харамдардан аулақ бола отырып, парыз амалдарды шынайылықпен орындайтындар.

– Қандай дұға тез қабыл болады?

– Өзіне жақсылық жасаған адамның жақсылық иесіне берген батасы.

– Ал қандай садақа абзал?

– Шектен тыс мұқтаж кедейге аз болса да, малынан шамасына қарай міндетсімей берген садақа.

– Қай сөз әділ?

– Өзінен қорыққан немесе бір нәрсе күткен адамыңа хақ пен ақиқатты баяндауың.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Уа, имам! Сіз абай болыңыз!

– Ең ақылды мүмин кім?

– Аллаға тақуалықпен мойынсұнған және  бұл туралы адамдарға жетекшілік еткен адам. (Себебі Алла Тағала біздің тақуалықпен қоғамға жетекші болуымызды қалайды).

– Ең ақымақ адам кім?

– Ахіретті ұмытып, дүниеге берілген адам. Мысалы, бауыры не досы теріс жолда болса да, оның арман-қалауына еріп, өзгенің дүниесі үшін өзінің ахіретін құрдымға жіберген кісі, деген екен.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу