16 маусым. KAZISLAM – ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Н.Тағанұлының бастамасымен діни басқарманың 30 жылдығына орай 30 құдық қазу күн тәртібіне қойылған болатын. Тапсырма аясында Ақтөбе өкілдігі қаланың маңынан іргесі қаланғалы отырған «Ақтөбе медресе-колледжінің» жеріне жергілікті дін жанашырлары көмегімен құдық қазып берді. Кеше, аталмыш игі істің ашылу салтанаты өтті.

Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді. Қайырымды істің түрі көп. Солардың қатарында көпір салу, құдық қазу, ағаш егу бар. Дін ғалымдары көпір мен құдық халыққа қаншалықты ұзақ қызмет етсе, сол уақытқа дейін оның сауабы салғызған, қаздырған, қазған кісіге барып тұрады деп жатады. Тіпті, халық оны игілін бірнеше ғасыр көруі мүмкін.

Пікір жазу