26 шілде. KAZISLAM – Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанынан құрылған «Ізгілер жолы» еріктілер тобының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Бұл жолы Ақтау қаласының Облыстық ауруханадағы провизорда ем алып жатқан науқастарға 200 зәмзәм суы мен түскі ас апарылды.

Еріктілер науқастардың тез жазылып, отбасыларына оралуларын және дәрігерлердің қиын да жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Пікір жазу