2021 жылғы 27 мамырда сағат 11:00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыста Мемлекет басшысына Ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасын талқылау жоспарлануда.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/ ресми парақшасында өтеді.

Пікір жазу