KAZISLAM – Кеше Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметі.

Кездесуде бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды.

Болат Анапияұлы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмысты ұйымдастыру барысында Бағдарлама аясындағы әрбір арнайы жобаның іс-шараларының қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай дайындалып, шаралардың пайдалы әрі қызықты болуын талап етті.

Кездесу барысында вице-министр бағдарлама аясында ағымдағы жылы бастамашылық етілген жаңа арнайы жобаларды сапалы және тиімді іске асыру қажеттігін атап өтті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Аягүл МАНТАЙ: Арманым – Құдаймен гармонияда өмір сүру

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды. Жоспар жаңа талаптарды ескере отырып әзірленеді және сараптамалық қоғамдастықтың қарауына ұсынылатын болады.

Пікір жазу