KAZISLAM – 2020 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы» № 279 бұйрықты (бұдан әрі – Қағидалар) бекітті.

Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес ЮНЕСКО-ның Бейбіт жиналыстарда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.

Қағидалар БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен өзара іс – қимыл жасау тәртібін айқындайды, атап айтқанда мынадай негізгі ережелер көзделген:

1) журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат беру, брифингтер) жергілікті атқарушы орган журналистерді БАҚ үшін жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбіт жиналыс өткізу кезінде өз өкілінің қатысуы жөнінде шаралар қабылдайды;
2) БАҚ үшін жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар белгіленеді;
3) айырым белгілерінің нысандары белгіленеді.

Пікір жазу