Екі дүние сардары Мұхаммед (с.а.у.) бір хадисінде: «Расында, Алланың құзырында ең сүйікті амал – аз да болса үзілмей атқарылған амал» – дейді. Осы өсиетті басты мұраты еткен «Зекет» қоры әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ай сайын, апта сайын жәрдемдесіп жүр.

«Тайқазан» жобасы аясында ай сайын жетім мен жесірлерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға демеу көрсетіледі. Әрбір азық-түлік себетінде жарма өнімдері, сұйық май, макарон өнімдері, қант, тұз, бұрыш, томат пен шай бар. Жалпы салмағы 40 килограммнан асады» – дейді «Зекет» қорының атқарушы директоры Талғат Сейіткәрімұлы.

Бұл жолғы қайырымдылық шарасында 50 отбасыға көмек көрсетілсе, «Зекет» қоры елорда тұрғындары тапсырған аяқ киім, ыдыс-аяқ, балаларға ойыншықтар мен киім-кешекті апта сайын көмекке зәру жандарға таратып тұрады.