Күндердің күнінде бір кісі кісі фиқһ ғалымы Ибн Ақилға келіп:
– Мен күнде суға көп түсемін. Бірақ, сонда да денемнің тазалығына күмәнданамын. Осындай күмәнмен намаз оқысам болады ма жоқ па? – деп сұраса, Ибн Ақил:
– Сен үшін намаз оқу міндетті емес. Барып дем ала бер – дейді. Мұндай жауапқа таңданған әлгі кісі:
– Бұл қалай болғаны сонда?, дейді. Сонда Ибн Ақил:
– Расында, ардақты пайғамбар с.а.у. былай деген: «Үш адамның бойынан намаз оқу міндеті түседі: есін білмейтін жындыға, ұйқыда жатқан адамға, кәмелетке толмаған жас балаға». Ал, кімде-кім суға көп түсіп, оның бойы тазаланғанын білмесе, онда ол жынды адам секілді бойынан намаз міндеті түседі – деп жауап берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы