Дубайдағы сауда-саттықпен айналысатын Landmark Group компаниясының қызметі тоқтатылды. Трампқа тиесілі компания 2015 жылдың ақпан айынан бері өз тауарларын БАӘ, Кувейт, Катар және Сауд Арабиясы елдеріне өткізіп келген.

«АҚШ президенттігіне үміткер Д.Трамтың мәлімдемелерінен кейін Trump Home өнімдерінің сатылымға шығуына тыйым салдық. Біз өз тұтынушыларымыздың құқықтарын қорғаймыз әрі сыйлаймыз» дейді компанияның атқарушы директоры Сачин Мундхва. 

 

Ал осы уақытта Ұлыбританияда 35 мың адам АҚШ президенттігіне үміткер Д.Трамптың елге келуіне тыйым салу туралы петицияға қол қойды. «Ұлыбритания жеккөрушілік сезімі бар адамдардың келуіне тыйым салады» делінген петиция мәтінінде.

 

Пікір жазу