Бағзы замандарда Иляс ибн Мауаия есімді фиқһ ғалымы болыпты. Оны жергілікті халифа өзіне шақыртып:
– Мен сені осы елге қызмет ету үшін қазы мансабын иеленуіңді қалаймын, дейді. Сонда ғалым:
– Мен жақсы қазы бола алмаймын,-деп бас тартады. Бұған ашуланған халифа:
– Сен жалған айтасың!-деп орнынан атып тұрады. Ғалым тапжылмастан:
– Сіз менің бұл мансапқа лайықты еместігімді айқындап үстімнен үкім шығарып қойдыңыз,-дейді. Халифа:
– Ол қалай сонда?-деп таңырқайды. Сонда ғалым:
– Егер сіз айтқандай жалған сөйлеген болсам онда мен қазы болуға жарамаймын. Ал, егер шын сөйлеген болсам онда мен «Мен жақсы қазы бола алмаймын»,-деп басында айтып кеткен болатынмын,-деп сөзін аяқтаған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы