Жауап: Дұрыс пікірді таңдау мәселесіне кіріспес бұрын ханафи мәзһабында ғалымдардың дәрежесін анықтауға қатысты қолданылған кейбір терминдерге тоқтала кетейік.
- Имам: Әбу Ханифа
- Шейхан: Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф
- Тарафәйн: Әбу Ханифа мен Мұхаммед
- Әиммәтуна сәләсә (үш имамымыз): Әбу Ханифа, Әбу Юсуф пен Мұхаммед
- Сахибәйн және Имамәйн: Әбу Юсуф пен Мұхаммед
- Әс-Сәни (екінші): Әбу Юсуф ал әс-Сәлис (үшінші) Мұхаммед
- Ләһу (оның көзқарасы): Әбу Ханифаның көзқарасы
- Ләһумә, индәһумә, мәзһәбуһуә: Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің мәзһабы
- Асхабуна: Мәшһүр үш имам (Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Мұхаммед)
- Мәшәйх: Имам Ағзамның кезеңінен кейін өмір сүрген ғалымдар