Атап айтар болсақ, Бату хан Еуропа жорығында белсенділік танытқаны үшін інісі Орда-Еженге он мың үйлік ұлысты тарту еткен. Тарихшы Сұлтановтың айтуына қарағанда, Орде-Ежен Көк Орда атанған бұрынғы Жошы ұлысын иемденген. Сондай-ақ, Бату хан астар, орыстар, черкестер, бұлғарларды бағындырғанлда ерлік көрсеткені үшін тағы бір інісі Шайбанға да жеке ұлысты еншісіне берді. Алтын Орда мемлекетінің батыс-теріскей қабатына орныққан Шайбан ұлысының күнбатыс жағы Бату, күншығыс беткейі Орда-Ежен ұлысымен шектесіп жатты. Нақтырақ айтар болсақ, Шайбан ұлысының жерлеріне Әбілғазының айтуына қарағанда Орал таулары, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығы кірген, қыстоқсанда Арал теңізі, Шу, Сарысу, Сырдарияның аяғына дейінгі жерлерде қыстайтын болған. Ал, Солтүстік Кавказ бен Дербенд аралығы Берке ханның ұлысы саналды. Қырым өңірі Тоқай Темірге, Днепр мен Днестр аралығындағы орманды алқап Мувалға (Ноғайдың атасы) ұлыс етіп берілді.
Осы тұста Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда мен Көк Орданың аражігін ажырата айтуымыз керек тәрізді. Парсы тарихшысы Муин ад-дин Натанзидің жеткізуіне қарағанда, Ақ Орда құрамына Ұлытау, Сегізағаш, Қаратал, Түйсенген, Женд, Баршыкент жерлері енген. Ал, Көк Ордаға Ібір-Сібір, Орыс жерлері, Либке, Укек, Мажар, Бұлғар, Башқұрт, төменгі Еділ сағасы жатқан. Алайда, Ақ Орда мен Көк Орданың орналасуына қатысты бір-біріне қарама-қайшы келетін көптеген деректер бар. Соның бірі Өтеміс қажының «Чингиз-намесінде»: «Хан буларға уч орга салды: Алтын босағалы Ақ Орданы Сайн ханға салды. Кумуш босағалы Көк Орданы Ижан ханға салды. Булат босағалы Боз Орданы Шибанға салды» деген тың дерек болып саналады. «Чингиз-намедегі» «Сайн ханға Еділ дариясындағы уәлайат беріледі, ал Ижан ханға Сыр бойындағы жерлер беріледі» деген мәліметті негізге алған З.Жандарбек Муин ад-дин Натанзидің дерегін жоққа шығара отырып, Дешті-Қыпшақта құрылған Орда-Ежен ұлысын Көк Орда деп білетінін жеткізеді. Дегенмен, тарихшы Н.Меңғұлов Қазақстан жерінде құрылған Орда-Ежен ұлысын Ақ Орда деп тұжырымдайды. Біздіңше түркінің төл шежіресі «Чингиз-намеге» сүйенген З.Жандарбектің пікірі тарихи шындыққа жақын сияқты.
Әсілі, көне түркілік ойлау жүйесінде түстер белгілі бір мәнге ие болған. Ақ, қара, көк, сары, кейде қызыл деп берілетін түстер тек сипаттама емес, түркілік ойлау жүйесіндегі белгілі бір тарапты білдіретін ұғымдар болып саналады. Түркілер қай жерге барса да, осы түстер арқылы жер кіндігін, сондай-ақ, теріскей мен күнгейді, күншығыс пен күнбатысты анықтап отырған. Осыған қарай, әкімшілік бөлініспен қатар жер-су аттарын да арнайы түстермен белгілеген. Мысалы, ақ түспен – батысты, көк түспен шығысты меңзеген (Егоров, 2005. с 5-6). Яғни, Алтын Орда мемлекетінің құрамындағы Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда атаулары да осы көне түркілік дүниетанымға негізделген деп білеміз.
Жалпы, Сафаргалиевтің айтуына қарағанда, Алтын Орда империясына қарасты жерлер Жошының 14 баласына бір-бірінен тәуелсіз әкімшілік-аймақ ретінде мирасқа берілген. Негізгі билік тізгіні Бату ханның қолында болды. Ірі ұлысаралық мәселелер құрылтайда Ұлы Иаса* (жасақ – әскери заң) заңының негізінде шешіліп отырған
* Алтын Орда атауы алғаш рет XV-XVI ғасырларда Орыс жылнамаларында өтеді. Ал, ХІІІ ғасырда Бату дәуірінде көбінесе Орда атауы қолданылған.
* Шыңғысхан негізін қалаған мемлекеттің әскери һәм азаматтық заңнамасы. «Жасақ» моңғолша билік деген мағынаны білдіреді. Түрікше «жасақ» немесе «жосық» әскери және азаматтық ережелер мағынасына келеді.