Ертеде атақты тақуа Сирри Сақати алпыс динарға бір пұт жаңғақ сатып алады. Сосын есеп-қисап дәптеріне мұның пайдасы үш динар деп жазып қояды. Шамасы ол кісінің есебінде он динарға жарты динар пайда көру керек болған сияқты. Сол арада жаңғақтың бір пұты тоқсан динарға көтеріліп кетеді. Біраз уақыттан кейін делдал келіп жаңғағын сұрайды. Сирри оған:

– Ал, -дейді.

– Қанша?

– Алпыс үш динар, -дейді. Делдал да тақуа кісілердің бірі болатын. Сирриға:

– Жаңғақ тоқсан динар болып кетті ғой, – дейді. Сирри:

– Мен шешім қабылдап қойдым. Алпыс үш динарға ғана сатам, – дейді. Сонда делдал:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Мен адам емеспін...»

– Мен де Алла мен өзімнің арамда ешбір мұсылманды алдамаймын деп уәде бергенмін. Тек тоқсан динарға берсең ғана аламын, – деп тұрып алады. Соңында делдал да сатып алмайды, Сирри де сата алмай қояды. Міне, екі тараптың бір-біріне ихсан-жақсылық жасауы осындай болады. Бұл – істің ақиқатын білумен болатын нәрсе.

Дайындаған Тұрар – ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу