Ф.Ибдиминов 2015 жылдың 14 маусымында шамамен 17.00 сағатта  ұялы телефон арқылы Алматы қаласының ІІД жедел орталық басқармасының 102 нөміріне қоңырау шалып, пультте отырған кезекшіге «Алматы әуежайында бомба» деген қысқа хабарлама айтқан.

Отпен ойнаған азаматтың бұл хабарламасы басқарманың бекітілген тәртібін бұзып, кейбір мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде әуежай қызметінде де өзгерістер енгізілген.

Осы қылмысы үшін Ф.Ибдиминов тарапынан Алматы қаласының  ТЖД қызметіне 30 336 теңге көлемінде, «Алматы қаласы Халықаралық әуежайы» АҚ-на  230 382 теңге соммасында, сонымен қатар  ҚР ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментіне, «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясына 2 453 714 теңге мөлшерінде  және т.б.  материалдық шығындар келтірілген.

Мемлекеттік айыптаушының өкілі телефон террорисін ҚР ҚК-нің  273 бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны жалпы режимдегі түзеу  колониясында өтеуді  белгілеуді сұрады.

Ал Ибдиминов өзі болса, жасаған әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот процесінде төрағалық етуші, судья А.Каргашова Ибдиминовты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 273 бабында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деген үкім жариялады. Аталмыш бап бойынша,   1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу  колониясында өтеу тағайындалды.

«Эйр Астана» АҚ-ның талап арызы толығымен қанағаттандырылып  2 453 714 теңге өндірілді, ал «Алматы қаласы Халықаралық әуежайы» АҚ-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 220 382 теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне әзірше енген жоқ.

Пікір жазу