12 маусым. KAZISLAM – Алматы қаласында инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат ету туралы мәлімдемесі жарияланған болатын.

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, енді тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.

Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Пікір жазу