«Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімі бар. Оларды атап шыққан адам жәннатқа кіреді…

Ол Өзінен басқа Тәңір болмаған Алла, қамқорлық Етуші, Мейірімді, Патша, Қасиетті, амандық Беруші, Қорғаушы, Қорушы, Өктем, Құдіретті, Үстем, Жаратушы, әр нәрсені өзгеше Жаратушы, Бейнелеуші, Кешірімді, Қаһарлы, Беруші, Ризықтандырушы, Ашушы, Білуші, Қысушы, Жаюшы, Төмендетуші, Көтеруші, Қастерлеуші, Қорлаушы, Естуші, Көруші, үкім Етуші, Әділ, кеңшілік Иесі, Хабардар, Жұмсақ, Мәртебелі, Кешіруші, жомарттықпен сый Беруші, Жоғары, Ұлық, Сақтаушы, Азықтандырушы, есеп Алушы, Айбынды, Жомарт, Қадағалаушы, тілекке жауап Беруші, бәрін Қамтитын, Дана, жақсы Көруші, Даңқты, Тірілтуші, Куә, Ақиқат, Уәкіл, Күшті, Берік, Қамқоршы, Мақтаулы, әр нәрсенің санын Білуші, Бастаушы, Қайтарушы, Тірілтуші, Өлтіруші, мәңгі тірі Болушы, мәңгі бар Болушы, Дәулетті, Қастерлі, Жалғыз, Біреу, Мұңсыз, күші Жетуші, үстем Болушы, алға Шығарушы, Шегеруші, Әуелгі, Ақырғы, Айқын, Жасырын, Иемденуші, жоғары Дәрежелі, Мәрхабатты, тәубені қабыл Етуші, кек Алушы, кешірімі мол, кеңшілік Етуші, жаратылыстың Иесі, ұлылық және құрмет Иесі, Әділетті, Жиюшы, Дархан, Байытушы, Тыюшы, зиян Беруші, пайда Беруші, Нұр, Бағыттаушы, Жасампаз, Мәңгі, Мирасқор, Кемеңгер, Сабырлы».

(Имам Тирмизи)

@hadis_sharip парақшасына жазылыңыздар!

Пікір жазу