– Сен сенген Аллаң қазір қайда? Кәнеке, көрсете қойшы? – дейді.
Имам Ағзам құмыраға сүт құйдыртып алдырып:
– Мына сүттің құрамында қаймақ пен майдың бар екенін мойындайсың ба? – деп қарсы сауал қояды.
– Әлбетте, мойындаймын!
– Олай болса осы құмырадағы сүттен қазір маған сол қаймақ пен майды көрсете қойшы?
Сасып не айтарын білмей қалған дінсіз ғалым:
– Сен мені сөзден ұстап, жеңіп отырсың. Ал, сен сенген Алла бар болса, айта қойшы, сол Аллаң дәл қазір нені ойлап тұр? деп өршелене тағы қарсы сұрақ қояды.
Бір сәт ойға беріліп болып Имам Ағзам:
– Сіз мінбеден түсіңіз, – деп, дінсіз ғалымды мінбеден түсіріп, оны өзі тұрған жерге орналастырады. Сосын сол мінбеге өзі жайғасып:
– Алла қазір өзіне сенбейтін үлкен ақымақты жоғарыдан төмен түсіріп, өзіне сенетін кішкентай құлын төменнен төрге шығаруды ойлап тұр екен, деп тапқырлықпен жауап береді.
Мұхан ИСАХАН