Сұрақ: Алладан жарылқау тілеудің арнайы дұғасы бар ма?

Жауап: Дін исламда Алладан жарылқау тілеуді «истиғфар» деп айтады. Пайғамбар (с.ғ.с.) көптеп истиғфар айтушы еді. Солардың бірі «сайидуль-истиғфар» (истиғфар дұғаларының сұлтаны):

«Аллауммә әнтә Рабби лә иләһә иллә әнтә, халактәни уә әнә әбдукә уә әнә әлә аһдикә уә уәғдикә мәстәтәғту. Әғузу бикә мин шәрри мә сәнәту, әбуу ләкә биниғмәтикә әләйиә уә әбуу бизәнби, фағфирли, фә иннәһу лә яғфируз-зунубә иллә әнтә».

 Уа, Алла Сен менің Раббымсың! Ғибадатқа лайық Сенен басқа құдай жоқ. Мені сен жараттың, мен Сенің Құлыңмын! Саған берген сөзімде және уәдемде күшім жеткенше тұруға тырысамын!

Жасап қойған амалдарымның кесірінен Сенен пана тілеймін. Маған сыйлаған нығметтеріңді құзырыңда еске алып, күнәларымды мойындаймын. Мені кешіре гөр. Шүбәсіз Сенен басқа жарылқаушы жоқ!

Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларына осы дұғаны үйреткеннен кейін, былай деп сүйінші хабар айтқан:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Алла деген жазу шықты: Анар Батырхан ерекше сәтті көзбен көрді

«Кімде-кім бұл сайидуль-истиғфарды шын жүректен күндіз айтып, ал кешкісін шам уақытына дейін дүниеден өтсе, онда жұмақтық болады. Ал кім сауабы мен пайдасына сене отырып түнде айтып, таң атқанға дейін қайтыс болса, жұмақтық болады» (Бұһари 6306, 6323).

Негізінде пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылман үмбетін жақсы көрді. Олардың осы дүниеде, ақыретте де бақытты болуын қалаған жан. Сол үшін «Сайдуль-истиғфарды» үйретіп кеткен деп сеніммен айта аламыз.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу