Әлемге әйгілі американдық актер Жан-Клод Ван Дамм өзінің инстаграмдағы парақшасында дағыстандық спортшы Хабиб Нұрмагомедовтың өмірден озған әкесі Абдулманап Нұрмагомедовке арнап пост жазды.

«Бауырым, мен шынайы өмірде сізбен ешқашан кездескен емеспін. Алайда, өміріңіздегі ұлы саяхаттарыңызға тәнті болып жүрдім. Енді құдай жаққа сапар шеккен жаңа саяхатыңызда да сіз үшін дұға қыламын. Алла сізді рақымына алсын. Әмин», – деп жазды актер.

Пост соңында ол Хабиб Нұрмагомедовке, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Еске сала кетсек, дағыстандық спортшының әкесі 3 шілде күні коронавирустан қайтыс болған еді.

Ескендір Тасболат

Пікір жазу