Татарстанда жергілікті діни басқарманың қолдауымен татар тілінде білім беретін алғашқы онлайн-медресе жұмысын бастады. Бұл туралы «Татар-информ» хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба рухани тәрбие беруге бағытталған және исламдық білім берудің алғашқы сатысы болып табылады. Діни сауат ашқысы келетіндер medrese. tatar платформасы немесе «Татар мәдрәсәсе» мобильді қосымшасы арқылы қосыла алады.

Мұнда олар үшін аудио және бейне форматтарындағы және мәтіндік сабақтар қолжетімді. Білім алушы келесі сабаққа алдыңғы тақырып бойынша тест тапсырғаннан кейін өте алады.

Сайтқа ноутбуктен, планшеттен немесе смартфоннан шығуға болады. Ресурс үшін жеті пән бойынша 15 минуттан 124 бейне сабақ жазылды. Олардың арасында ислам құқығы, араб тілі және Мұхаммед ﷺ пайғамбардың өмір тарихы бар.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  ДСМ: Темекі шегетіндердің коронавирустан емделуі ұзаққа созылады

Медреседе Татарстанның жоғары оқу орындарында білім алған имамдар сабақ береді.

Пікір жазу