Айтқаның рас болса…

    36

    Фатх әл-Мусили досының үйіне келеді. Досы үйінде жоқ екен. Оның әйеліне айтып, сандығын шығартады да, өзі ашып керегін алып кетеді.

    Досының күңі болса болған оқиғаны қожайынына барып хабарлайды. Ол Фатх Мусилидің істеген ісіне қуанып, күңіне: «Егер айтқаның рас болса, сен Алла разылығы үшін азатсың» дейді.

    Дос емес екенсіңдер

    Әли ибн Хусейн (р.а.) бір кісіден:

    – Сендерден бірің досының қалтасына немесе әмиянына қол салып, оның рұқсатынсыз қалаған нәрсесін ала алады ма? – деп сұрайды.

    – Жоқ, – деген жауапты естігенде:

    – Сендер дос емес екенсіңдер, – депті.

    Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

    Пікір жазу