Нұр-Сұлтан. 4 маусым. KAZISLAM – Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы ертең, яғни, 5 маусымда еліміз бойынша оқылатын айт намазының уақытын жариялады.

Қала және облыс орталығы Айт намазы оқылатын уақыт Күн шығатын уақыт
Нұр-Сұлтан қаласы 07:00 04:57
Алматы қаласы 06:00 05:11
Шымкент қаласы 07:00 05:43
Маңғыстау облысы 07:00 05:52
Түркістан облысы 07:00 05:45
Атырау облысы 07:00 05:36
Жамбыл облысы 06:30 05:34
БҚО 06:30 05:17
Қостанай облысы 07:30 05:17
Алматы өңірі 06:30 05:12
Ақтөбе облысы 07:00 04:58
Талдықорған аймағы 06:30 04:58
Қарағанды облысы 06:30 04:57
Ақмола облысы 07:00 04:54
Қызылорда облысы 06:00 04:50
СҚО 07:00 04:45
Павлодар облысы 07:00 04:29
Семей өңірі 07:00 04:26
ШҚО 07:00 04:18

Ораза айт – мұсылмандардың айтулы екі мерекесінің бірі болса, осы күнгі айт намазы – ораза ұстаушылардың Жаратқанға жасаған шүкіршілігі іспетті. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазы – балиғат жасына жеткен әрбір мұсылман ер азаматына уәжіп. Жолаушы, науқас адамдар, әйелдер мен балалардың мойнынан түскен, азан және қамат айтылмайтын, құтпасы соңынан оқылатын және қазасы оқылмайтын намаз. 

Бұл күні ораза ұстауға тыйым салынған, Рамазан айында берілетін пітір садақасын айт намазына дейін беріп үлгеру керек.