Сұрақ: Әйелдер намазының ерлер намазынан қанша жерінде айырмашылықтары бар?

Жауап: Сегіз жерде айырмашылық бар:

1) ерлер намаз бастайтын кезде тәкбір айтып, қолдарын құлақ жұмсағына жеткізеді, ал әйелдер кеуде тұсына дейін жеткізеді;

2) ерлер тәкбір үшін қолдарын көтерген кезде қолдары ашық болады, ал әйелдердің қолдары жеңдерінің ішінде болады;

3) ерлер қиямда қолдарын кіндік астына қояды, ал әйелдер көкіректің үстіне қояды;

4) ерлер рукуғта тізелерін бүкпейді, ал әйелдер бүгіп тұрады;

5) ерлер рукуғда тізелеріне сүйеніп тұрғанда саусақтарының арасын ашып тұрады, ал әйелдер ашпай тұрады;

6) сәжде уақытында ерлер шынтақтарын жерге және қабырғаларына, қарындарын сандарына тигізбейді тұрады. Ал әйелдер сандары қарындарына тиіп тұрған халде сәжде жасайды;

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ана тілін білмеу күнә ма?

7) ерлер отырыста болған уақытта оң аяқтарын тік басып, ал башпайлары құбыла тарапына қарап тұрады. Сол аяқтарын жатқызып үстіне жамбасын қойып отырады. Ал әйелдер болса екі аяқтарын оң жаққа жіберіп, сол жамбаспен үстіне отырады;

8) ерлер парыз намазында азан және қамат айтады. Және жамағатпен оқиды. Әйелдер азан және қамат айтпайды. Оларға жамағатпен намаз оқу мәкруһ.

Осы сегіз амалдан басқа әйелдер намазы ерлер намазына ұқсайды, еш айырмашылық жоқ.

Ахмад Һади Мақсуди Ислам ғибадаты

Пікір жазу