Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуеметтік тапсырысы аясында әйел жамағаты арасында интеллектуалды іс-шара өтті.
Іс-шараны «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қоры мен ҚМДБ Маңғыстау облысы «Әйел-қыздар» секторы бірлесіп ұйымдастырды. Мұнда әйел жамағатының қатысуымен викториналық сұрақ-жауап, психологиялық танысу тренингі өтті.
Білім алу әрбір мұсылманға парыз екені сөзсіз. Осы ретте білім жайында Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім», – деген. Бүгінгі іс-шара да білімнің маңызын ұқтырып, талпынысты арттырды.