Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Әйел сұлу әдебімен» атты іс-шара өтті.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Бақытты әйел» бағдарламасының жүргізушісі, қазақша психологияны дәріптеуші, танымал блогер Құралай Серікқызы шақырылды.

Шара барысында «Әйелдің 4 түгелі» тақырыбы аясында әңгіме қозғалып, отбасылық құндылықтар, ер мен әйел қарым-қатынасы мәселелері тілге тиек етілді.

Жоғары деңгейде өткен кездесуден кейін әйел жамағаты өз алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл күйде тарқасты.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің діни сұрақтарға жауап беретін «iKomek-109» қауырт желісі туралы еске салынып, ақпараттық-түсіндіру таратпа материалдары үлестірілді.

Пікір жазу