Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен қайырымдылық және волонтерлік, гранттар туралы заң жобасының мәселелерін талқылады.
Кездесуге Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрайымы А.Айдарқұлова және Сорос-Қазақстан қоры бағдарламаларының директоры Б.Аязбаева, сондай-ақ Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Е.Жовтис, коммерциялық емес құқық сұрақтары бойынша сарапшы Г.Кужекеева, Caspian University қоғамдық құқық ҒЗИ директоры Р.Подопригора қатысты.

Пікір жазу