KAZISLAM – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті. Ол Министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру мәселесіне қатысты жұмыс пысықталып отырғандығы және продакшндердің кәсіпқойлық деңгейі негізінде іріктеу мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты үлестіру ережелерін өзгерту жоспарланып отырғандығы туралы хабардар етті.

«Шетелдің, ең алдымен өзіміз де танысқан Түркияның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, телехикаялардың идеологиялық мазмұны мен сапасын арттыру аспектілерінде тек киносериалдық өндіріс кешенінің барлық қатысушылары біріккенде ғана, яғни сценарист пен режиссерден бастап сыншы-рецензентге дейін, бұл салада едәуір нәтиже көрсетуіміз мүмкін. Бұл процесстерге киносыншылар институты қатыспай, қазақстандық телехикаялар мәдени периферияда қала бермек»,- деді министр.

Кездесу барысында киносыншылар Қазақстандағы киносериалдық индустрияны дамыту саласына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Аида Балаева: «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телехикаялардың кәсіби орындалуы мен идеологиялық мазмұнының сапасын арттыру мақсатында сіздерді ынтымақтастыққа шақырады».
Іс-шараның соңында А. Балаева Министрлік телехикаялық өнім саласын дамыту мәселесі бойынша сындарлы ұсыныстарға ашық екенін атап өтті.

Пікір жазу