KAZISLAM – Бүгін, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Әңгімелесу барысында Министр Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, діни қызметті реттеу, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Елші Министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ды қолдауды жоғары бағалады.

Пікір жазу