«Адамзаттың асылы» атты мәуліт кеші өтті

    0
    53

    Мерейлі мәуліт кешіне «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы, ҚМДБ заңгері Даулетияр Сағитжан, қала мешіттерінің бас имамдары, сауат ашу курсының әр-түрлі жастағы шәкірттері, оның ішінде ақ самайлы қариялар мен ақ жаулықты әжелер де қатысып, мәуліт төрінен орын алды.

    Медеу ауданының Бас имамы Тілепберген қажы келген жамағатқа уағыз айтып, мәуліттің мәні мен маңызына тоқталды. Кештің мәдени шара бөлімінде медресе қарилары мәуліт оқып, Пайғамбарға салауат айтса, елімізге танымал әншілер Сержанәли Әлібек, Меломен тобының жігіттері жамағатты әсем әнімен тебірентті. Жүргізуші аят-хадис, мақал-мәтел сұрақ-жауап ойындарын ойнатып, үздік жауап бергендерге саңлақ сахабалар, мұсылман қорғаны кітапшалары сыйға үлестірілді. 

    Сондай-ақ Мегатау сауат ашу курсының басшысы Жұмакүл апай кеш соңында «Аманқұл ата» және «Райымбек батыр» мешітінің Бас имамдары Тлепберген Жакиев пен Нұржан Керімбековқа, сондай-ақ сол мешіттерде Құран жаттап ілім жолында жүрген қари балаларға сый-сияпат жасады. Адамзаттың асылына арналған бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оның 150 дана таспасы келушілерге таратылды.

    Пікір жазу