24 қыркүйек. KAZISLAM – Адал, арам, обал, сауап – барша адамзатқа тән ұғым. Халқымыздың да атадан балаға беріліп отырған қағидасы. Бұл төртеуін түсінген адам жақсы мен жаманды ажыратуға парқы жетеді – дейді Қызылорда облысы Жақсықылыш кентінің мешітінде жастармен кездескен «Kazislam» порталының редакторы Тұрар Әбуов.

Дінтанушының сөзіне қарағанда, «адал, арам, обал, сауап» ұғымдары барлық діндерде кездеседі екен. Дәлірегін айтсақ, «обал, арам» деген сөз «артында ауыр азабы бар әрекет немесе күнә, қылмыс» деп түсіндірді. Біздің ата-аналарымыз ұрпағына аталмыш төрт ұғымның мәнін ашып, барынша жеткізген. Сол секілді сауаптың да маңызды екенін ұрпағына жеткізген дейді.

Сонымен қатар кездесу барысында Тұрар Түгелұлы жастарға тәуелсіздіктің маңызы мен қадір-қасиетін айтып, еліміздегі этносаралық татулық пен конфессияаралық келісім мәселесін де сөз етті.

Шараны Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеуметтік тапсырыс негізінде «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қоры өткізді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қазақстан делегациясы "Құл-Шәріп" мешітінде

Сонымен қатар Т.Түгелұлы Сексеуіл кентінің жамағатымен және Арал аудан имамдарымен кездесу жоспарланған.

Пікір жазу