Адамның құны қанша доллар?

    221

    Ойшыл кісі:

    – Ақшаны қол көтергендердің біреуіне берерім анық. Алайда мен бұл ақшаны берместен бұрын былай істесем ше? – дейді. Сөйтеді де ақшаны бүктеп мыжады. – Ақшаны әлі де алғысы келіп тұрған адам бар ма? – деп қайта сұрайды. Қолдар қайта көтеріледі.

    Ойшыл кісі:

    – Ал бұл ақшаны бүйтсем ше? – дейді де, бұл жолы умаждалған ақшаны жерге тастап аяғымен басып кірлетеді. Бірақ ақшаны алмақ болып қол көтергендер қатары әлі де сирей қоймайды.

    Сонда ойшыл кісі өз ісінің астарындағы мәнді былайша түсіндірген екен:

    – Жолдастар, сіздер бұл жерден өте маңызды мына жайтты үйрендіңіздер. Мен ақшаға не істесем де сіздер оны алмақ болып қол көтердіңіздер. Өйткені, менің істеген нәрселерім ол ақшаның құнын жоя алған жоқ. Ол сол күйі 50 доллар болып қалды: өмірімізде де көбіне күйкі тіршіліктің күйбеңімен жүріп қатты қиналамыз, жадап-жүдеп өз-өзімізді әбден жерлейтін кездеріміз болады, тауымыз шағылып, мазамыз қашып, істеген істерімізге әттегенайлап сан соғатын, өмірден баз кешетін кездерміз жиі болып жатады. Алайда, бұлардың ешқайсысына таусылудың қажеті жоқ. Жерге екі бүктетіліп жығылсаңыз да, кірленіп яки таза болсаңыз да ешқашан сізді шын жақсы көретіндердің алдында бағаңызды жоғалтпайсыз. Сіздің қаншалықты бағалы екендігіңізді жақындарыңыз бен жанашырларыңыз ылғи да білері анық!

    Құдайберді БАҒАШАР

    Пікір жазу